ЖЕТЕ

БЕТТЕР

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Байланыс

БӨЛІМДЕР

  • Басты бет
  • Елтұғыр
  • Мәңгілік мінбер
  • Дәуір дәйегі
  • Ататек
  • Ұлы қаған
  • Тайқазан
  • Ұлт ұяты
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Байланыс

logo

ЖЕТЕ

  • Басты бет
  • Елтұғыр
  • Мәңгілік мінбер
  • Дәуір дәйегі
  • Ататек
  • Ұлы қаған
  • Тайқазан
  • Ұлт ұяты
  • Билер сөзі

  • Бабалар тарихы – рух қуаты, руханият бұлағы

  • Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жаңа 2019 жылмен құттықтауы

  • Дәуір Ұлы дәйектеле түсті

  • Белгілі дінтанушы әйелдерге орамал тағу міндетті емес екенін айтты

Басты бет›Ататек›Шыңғыс қаған шындығы

Шыңғыс қаған шындығы

05.03.2018
548
0

«Шыңғыс-Қаған» романы баспадан шыққалы жылға жуық мезгіл өтіпті. Авторы атағынан ат үркетіндей дәу болмаса да, әдебиетке өмірін арнап жүрген, ұлтқа қызмет етудің өзіндік үлгісін көрсетіп тыным таппайтын Данияр Әлбозым. Осы күнге дейін Шыңғысхан туралы жазылған ұлылы-кішілі кітаптардың санын қусақ әлде қашан бір вагонға жүк болары анық. Ол қиялға ерік берген көркем әдебиет, дерекке жүгінген ғылыми әдебиет болуы мүмкін, әйтеуір соқпай өткені аз. Өйткені Шыңғысхан әлемге өзгеріс әкелген, дәуірді таңбалаған тағдырлы тұлға. Күннің шығысынан батысына дейінгі ұлан-қайыр даланы ұршықша иірген Қағаннан аттап өту мүмкін емес еді!.. Бала кезімізде оқыған «Моңғолдың құпия шежіресі», онан кейінгі тек тарихи тұлғалар туралы роман жазудың шебері жапондық Тиңйо Ясашидің «Шыңғысхан тарихы» кітабы санамызда сақтаулы еді. Ал, мынау қазақ қаламгері жазған «Шыңғыс-Қаған» романы бізді несімен қызықтырды? Мұндай үлкен тақырыпқа тәуекел еткен кім?

Ол ең әуелі тарихқа жаңаша көзқарастың жемісі. Соңғы кездегі Шыңғысхан айналасындағы таластар тасқынының болуы заңды. Сегіз ғасырдың алдында өткен алыптың артында ақиқатпен аралас аңыз қалды. Шынайы даңқпен шырмауықтай жабысқан дақпырттар да қатар жарысты. Батыс пен бөтен ниетті күштер «Моғолды» «Моңғолға», ұлы даладағы түрікті «Моңғол-Татарға» айналдырып мидай былыққан жалған шежіре жасады. Басқаны былай қойғанда, күні кеше тұтас қазақты «Киргиз», ал, Қырғызды «чорни киргиз» атандырып өзімізді өзімізден алыстатты емес пе!.. Енді бір жағынан бұл романның жарыққа шығуы тарихқа түрен салған Тілеуберді Әбенайұлының реформатр ерлігі. Тілеубердінің алғашқы «Шыңғысхан кім? Шыныңа көш тарих!» атты кітабынан кешегі «Төрт дерек» монографиясына дейінгі, Карпини мен Рубруктің құпия жазбаларының аудармасынан(кезінде «Тыңшыдан жеткен тың дерек» атты мақалам «Жетісу» газеттінде жарияланды) бергі ондаған еңбегі Шыңғысханның ақиқатына арналды. Міне, сол аққан тер, ойылған саусақтың нәтижесі көріне бастады. Бұрмаланған тарихтан гөрі шындыққа құштар Данияр Әлбозымның шыт-жаңа романы сөзімізге айғақ.
Адамдарға ақиқатты күштеп сендіру қиын. Дегенмен, қасаң бір мойын, қатып-семген көзқарастың құлына айналған пиғылдарын көргенде еріксіз қынжылып бас шайқайсың!.. Сондай ауыр идеяларды Тілеуберді Әбенайдың зерттеулері біртіндеп жібітіп, көктемнің жылы шуағындай ерітуде. Қатып қалған ұстанымдарды біртін-біртін илеген терідей былбыратып шүперектей икемге келтіріп жатыр. Өмірге сергек қарайтын адамдардың бар екенін Д.Әлбозым секілді қаламгерлер көрсетуде. Академик Мұрат Жұрынов, Жазушылар Марал Ысқақ, Бексұлтан Нұржекелер бұлтартпайтын дәлел, жүйелі логикалық қисындар арқылы ортадан оза шауып Шыңғысханның Жетісу жерінен шыққан оғлан екенін ашық жазып жатыр. «Ізденейік, зерттеп көрейік» дегеннің орнына жалған намыс, қиқар тоңмойындығымен дөйдалаға лағып Қағанды қатысы жоқ қалмаққа таңатындар әлі көп. Сондай керауыздарды көріп іштей тынасың.
Сонымен «Шыңғыс-Қаған» романын оқып шығып екі ауыз пікір білдіруді міндет санадым. Негізі жапон жазушысының да айтқаны осы желінің бойында болатын, қазақ қаламгерінің өрісі де осы ауқымда жазылыпты. Тек назар аударатын бір айырма жапондық қаламгер қытай қолынан өзгертілген «Алтын шежіреге» жүгініп отырса, біздің ағамыз Тілеубердінің түзетулеріне тіке бағынған. Әбенайұлын қомсынып әліде мұрнын шүйіріп немесе ақылы жетпей қолын сілтеп жүргендер үшін романды оқу ауыр. Түркілердің түбін білгісі келген, қазақтың арғы аталарының қайдан шыққанын аңғарғысы келгендер үшін бұл роман алғаусыз оқулық. Оқиға, сюжет, жер-су өзіміздің Жетісу өңірінен өрбиді. Жәй жазу емес, нанымды, нақты. Бұл Карпини мен Рубруктің деректері мен «жол картасына» үйлесіп тұр. Әрине көркем әдебиет болған соң көсілген тұстары, көмескі қалған жерлері жоқ емес. Сол кезде нақты атау ретінде бар ма, жоқ па, белгісіз «қазақ» атауын еркін қолданғаны тым асығыстық емес пе екен деп ойладым. Мүмкін тайпалар бойынша Үйсін, Қоңырат, Қыпшақ, Адай, Найман, Керей күйінде жүре бергені дұрыс еді. Біз олардың бәрі бірігіп Қазақ болғанын жақсы біеміз. Тілі, ойы, жасаған образдары анау айтқандай осал емес. Тарихи роман болған соң бұра тартуға, бөлек арнаға түсуге келмейді, сол себепті шегарадан шығандап алыс кетпеген екен. Бұл кітап шыңғысхантану жолындағы сүбелі еңбек. Әсіресе оның қазақ қаламгерінің қолымен жазылуы жанымызға жақындығы. Романға алғы сөз жазған ғылым докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыштың «Шыңғысхан шыңына өрмелеу» мақаласы, зерттеуші-ғалым, ақын Ерболат Баяттың «Ұлы тұлғаны тануға деген ұмтылыс» атты пікірлері жылы. Олар батыл түрде ойларын білдіріліп өмірдің ағысы мен дәуірдің тынысына сын көзбен қарай алған екен.
Тарих кейде сондай қатігез… Сегіз ғасырдың алдындағы айбынды қолбасы, тірінің тізесін қалтыратқан қаған туралы шатысқан өтірікті жасап «Моғолды» «Моңғолға» айналдырып, Жетісудың жерін қиыршығысқа көшіріп, ұйықтап жатқан, біркездегі құлы мен кептеуілі болған майда қалқа, дөрбіт, ураңқай руларынан құралған бүгінгі «Моңғол» аты кептеп кидірілген халыққа зорлықпен таңып «даяр асқа тік қасық» етіп тарих тегершігін кері бұрып Шыңғысханды адам танығысыз етіп жібергені өкінішті. Бұл түркілердің сағын сындыру, айбарын ақырындатып, ақиқаттан алыстатудан өзге ештеңе емес еді. Қолында қаламы барлар тарихты қорлады. Керек десеңіз, жазылған Хамсалардың өзін үзіп-жұлып бұрмалап, қалдырып, кемітіп жеткізді. Міне, енді тарих құмнан аршылып алтын тағына отырғызылуда. Шындыққа шыр-пыр болған Тілеуберділер мен Әлбозымдардың тамшылары тама-тама теңіз болары Хақ!

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ,
ақын, республикалық «Шыңғысхан мүшәйрасының» жүлдегері.

Алдыңғы мақала

Бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар ...

Келесі мақала

К вопросу о некоторых этимологиях (аристократия, демократия, ...

3
Shares
  • 3
  • +
  • 0
  • 0

Пікір қалдырыңыз Отменить ответ

ЖЕТЕ АҚПАРАТ

  • Шыңғысхан кезеңіндегі сот жүйесі

  • ЖАҚСЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

  • Игілікті шара

  • Соңғы

  • Үздік

  • Пікір

  • Тюркский алфавит и письменность

    15.02.2019
  • Сойылған малдың тісін не үшін қағамыз немесе маңдайы не үшін кесіледі?

    15.02.2019
  • Мәңгілік тірі жанының төлеңгіттері

    15.02.2019
  • ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ

    15.02.2019
  • Кречет и Сульдэ – символ власти

    15.02.2019
  • К вопросу о некоторых этимологиях (аристократия, демократия, олигархия, милиция)

    20.04.2018
  • Бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар арасындағы диалог

    26.02.2018
  • Қазақтың тәуелсіз тарихы жазылған жоқ

    24.02.2018
  • Жәлменде бидің беделі

    25.11.2017
  • Бәсекеге қабілетті жас патриоттар тәрбиелейміз

    17.02.2018
  • Нурила
    on
    23.06.2018

    Жәлменде бидің беделі

    Маған мақала ұнады Осындағы ...
  • Qwerty
    on
    13.06.2018

    Бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар арасындағы диалог

    жаксы
  • amal
    on
    26.04.2018

    Қазақтың тәуелсіз тарихы жазылған жоқ

    Гүленнің жаһандану үдерісінің белгілі ...
  • Асия
    on
    25.04.2018

    Бәсекеге қабілетті жас патриоттар тәрбиелейміз

    «Патриотизм – рухани жаңғырудың ...
  • Асель
    on
    25.04.2018

    К вопросу о некоторых этимологиях (аристократия, демократия, олигархия, милиция)

    очень хорошая статья

Мұрағат

Февраль 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728  

«Жете» порталы

Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Молодежный шағын ауданы, 3-үй, 1-пəтер.
Индекс: 040000
Тел.: 8 (7282) 411046, +7 701 4442621
E-mail: Pmgazet@mail.ru

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде 2017 жылғы 19 мамырда тіркеліп, №16527-СИ куәлігі берілген.

Меншік иесі: «Компания Жете» ЖШС

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Біз әлеуметтік желіде

САЙТ САНАҒЫ:

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Байланыс
© 2017. "Жете" ақпараттық-сараптамалық порталы