Шыңғысхан туралы он өтірік

1. Шыңғысхан ешқашан Монгол болмаған «Монгол» сөзін 19 ғасырда ресей тарихшылары мұрагерлерін адастыру үшін Yдей ойлап тапқан. 1817 жылы алғаш рет әлем тарихына «Монгол» терминін Лейпц универінің неміс профессоры Христофор Крузе енгізген. Ақиқатында олар өздерін Татар, ал Қытайлар «Садо-татар» – деген, мағынасы Шу даласынан шықандар еді. Бұл тулары «Мен Да Бей Лу» – «Қара Татарлардың толық сипатпмасы» деген қытай елші-барлаушысының 1221 жылғы деректі жазбасында айтылған.
2. Шыңғысхан Отырарды қиратпаған, бұл шаһар Әмір Темір тұсында 14 ғасырда жайнап тұрды. Әмір Темір осы қалада көз жұмған.
3. Отырар Хорезм шаһтың Қарахан хандығынан жаулап алған қаласы болатын. Бұл дерек Шыңғыс қағаның замандасы Ибн Аль- Асирдің еңбегінде жазылған.
4. Отырар басшысы Қайыр хан Мұхамед шаһтың итаршысы болған. ШХ саудагерлері Мұхамед шаһтың бұйрығымен соның қолымен өлітірілген. Бұл туралы Ибн Аль-Асир жазған.
5. Шыңғысханның отаны Моғолстан, ол қазіргі Алматы облысын, сонымен қатар Қытайдағы Іле – Алатауы мен Оңтүстік Қазақстан жерін қамтыған болатын. Бұл туралы М. Хайдар Дулати жазған жYне Плано Карпини, сонымен қатар Рашид ад Хамадани жылнамасы осыған меңзейді.
6. Шыңғысхан тұсындағы «Қарақорым» Әмір Темір қиратқан Алмалық қаласы еді.14 ғасырда Yліде Моғол астанасы болған. Бұл турасында Ибн Батута жазбасында айтылып кеткен. Ал нағыз Қарақорым «Ордабалық» деген атаумен Ұйғыр қағанатының астанасы болған қала еді, 840 жылы аласапыран шақта жирен-қырғыздар қиратқан. Күлтегін заманында ол «Қарақорым» кейде «Қарабаласағұн» аталған. Гумилевтің «Ежелгі Түркілер» деген кітабында Күлтегін 713 жылы Қарақорымда таққа отырды деп жазылған.
7. Шыңғысхан халқы ешқандай жабайы емес еді. Түгелі дерлік өнерлі, ұста болған. ШХ өзі өте сауатты кісі болған. Бұл туралы Ибн Аль-Асир ойып тұрып жазып кетіпті.
8. Шыңғысхан Yскерінің жылқысы қазіргі орыс «монгол» атаған қалқалардың мәстек аты секілді емес, нағыз қазан аттар болған. Оны Қытай суреттерінен көруге болады.
9. Шыңғысханды жерлеуге апара жатқанда «жолда кездескеннің бYрі өлтірілді» деген де өтірік. Себебі оның жатқан жерін
1233-1236 жылы Қытай елшісі Сюй Тин көріп, аман есен Қытайына оралған екен.
10. Шыңғысханның 1911 жылы Ресей Патшалығының қамы үшін Барон Унгерн Монгол деп атап жіберген халыққа ешқандай қатысы жоқ. Шыңғыс қаған таза Қазақ! Себебі сол замандағы Керей, Найман, Қият, Қоңырат, Жалайыр, Дулат т.т. руларды бүгінгі заманда да Қазақ дейміз.
Қазақ Алашұлы.